| 1 | — Шүкірлік, әке,— деп біраз тұрды да: — ат барған соң, дәріс тәмам болмаса да, қазіреттің рұқсатын, фатикасын алып қайттым,— деді. | |
| 2 | — Шырағым, сен бала емессің, естиярсың. Өзің барсаң бір сәрі. Ондай жаман, сұмдық жерге Абайды несіне апардың? | |
| 3 | — Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер! — деді. | |
| 4 | — Пай, жаман қатындар сілекейлеп, баламыздың бетінен сүйер жер де қалдырмады-ау, — деп паңдана күлді де, Абайды көзінен сүйді. | |
| 5 | Әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып, қызықтырып айтады. | |
| 6 | Есіктен кіре, үйде отырған үлкендерге ашық дауыспен, айқын етіп сәлем берді. | |
| 7 | — Барлық байлау осы болғаны ма? Ит те болса, бауыр емес пе еді? | |
| 8 | — Әй, кәрі малғұн! — деп, Жексенді желкеден қойып жіберді. | |
| 9 | Біреуді мақтап, біреуден сұрап жырлайтын ақын емес. | |